«BI-Group» басшысы LRT-ні не үшін бұзу керектігін тәптіштеп түсіндірді

Oinet.kz 12-01-2022 2961

"BI-Group" құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Нұр-Сұлтандағы LRT-ның құрылысын әрмен қарай жалғастыруға қарсы екенін айтты. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Screenshot_1.jpg

"Біріншіден, LRT-ның құны $1,5 млрд қаржы, қосымша $300 млн құйылғаны тағы бар. Жалпы $1,8 млрд қаржы жұмсалады. Екіншіден, оның жұмысын жүргізу үшін жылына $50 млн қажет. Билеттердің сатылымынан түскен қаржы бұл шығындардың бір бөлігін де жаппайды. Бұл алдағы 20 жылда $1 млрд қаражат жұмсау қажет деген сөз. Үшіншіден, несиелік қарыз бойынша жылдық төлем шамамен 3,5%, ол тағы $600 млн-ды құрайды, 

Біз құрылысшы ретінде 2021 жылы материалдардың, металдың және ақша құнының қымбаттауына байланысты бұл сома 4 млрд долларды құрайтынын біліп отырмыз. Жиырма жылдан кейін күрделі жөндеу және әртүрлі техникалық құралдарды ауыстыру қажет болады. Сонымен қатар транзиттік тасымал  үшін, мысалы, 34 миллион 5 вип автобусын сатып алып, бір бағытта әр 15 минут сайын жүріп тұратын ол автобустарды әр 4 жыл сайын жаңартып отыру керек болады. Бірақ LRT құнының 1% үшін $34 млн және $3,4 млрд қаржы жұмсалады.

Енді ең бастысы - бұл ақшаның барлығы қалалық бюджеттен 20 жыл ішінде, жылына $170 - 200 млн қаражат алынатын болады. Сондай-ақ бұл ретте басты проблеманы - оң және сол жағалау арасындағы кептеліс мәселесін шешпейді және жалпы алғанда, тек вокзалдан әуежайға дейін бірнеше транзиттік жолаушыларды тасымалдайтын болады. Қала қазынасынан жылына 170-200 миллион доллар жұмсау нені білдіреді? Тек елордада ғана емес, сонымен қатар шеткері аудандарда да жыл сайын 10-15 мектеп немесе жалпы 200-300 мектеп, яғни осындай жеңілдетілген несиені 2 жыл ішінде ЛРТ орнына жүздеген мектеп пен көпірлер және жолдар салуға болады. Сондықтан BI компаниясы LRT құрылысына қарсы бірінші жыл қарсы шығып отырған жоқ.  Айта кету керек, бізге серіктес болу туралы ұсыныс жасалды, бірақ біз түбегейлі бас тарттық", - дейді BI басшысы.

Сонымен қатар ол бағандардың бір бөлігін бұзуды ұсынды. 

"Біз бұл уақытқа дейін қаланы абаттандыру үшін бағандарды қолдану идеясын ұсынған болатынбыз. Мысалы, халық тығыз орналасқан бөлігінде аллея, веложол, ал қыста шаңғы трассасы, кафе мен демалуға арналған орындар салуға болады, бірақ ол да ақшаға келіп тіреледі. Бұрын жазғандай, мен LRT құрылысын негізсіз деп санаймын және бастапқыда салу туралы шешім қате болды. Мұны мойындау қажет және қарызды көбейте беруден гөрі жұмсалған ақшаны есептен шығару керек. Менің ойымша, бір кездері басшылыққа ұсынылған есептеулер өрескел қателіктермен берілген, сондықтан осындай жағдайға орын алып отыр. Бұл тек біздің елде ғана емес, мысалы Бразилия, Филлипин және т.б. де болған. Бағандардың бір бөлігін, яғни 230 данасын бөгендерді бекіту үшін Есіл арқылы өтетін көпір құрылысына пайдалануға болады, олар жай қалмайды", - дейді ол.

Су жаңа министрлер халыққа қызмет етеміз деп ант беріп жатыр
«42500 теңгеге көп нәрсе алуға болады» деген Сүлейменов ірі қызметке тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу