Мәди Ахметов Назарбаевтың билігін шектеу туралы заңды қолдады

Oinet.kz 02-02-2022 3803

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сенаторлар ұсынған түзетуді мақұлдады.

Screenshot_14.jpg

Түзетуге сәйкес, аталған заңнан сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша бастамалар Елбасымен келісіледі деген норма алынып тасталды.

Мәжілістің жалпы отырысына 93 депутат қатысты. Барлық 93 депутат бірауыздан бұл норманы алып тастауды қолдады. Олардың қатарында бұған дейін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнатуды ұсынған Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметов те бар.

Назарбаевтың ең сенімді кадрларының бірі Бауыржан Байбек те жұмыссыз қалды
Қазақстанды дамыту үшін қазақтарды даму керек - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу