«Тоқтат!» Тоқаев Путинге батырып-батырып айтты

Oinet.kz 04-03-2022 10836

Жақында Қазақстан Президенті Тоқаев пен РФ Президенті Путин телефон арқылы сөйлескен болатын. Әңгіме барысында Тоқаев Путинге жұқалап тұрып батырып-батырып айтқан. Ол Путинге соғысты тоқтатпаса Ресей күйреп бітетінін мәлімдеген. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі "Нурсултанский соловей" телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Screenshot_1.jpg

"Кейбір мәліметтерден Тоқаев Путинге Батыс салған ауыр санкциялар Ресей экономикасының күйреуіне әкелетінін және мұндай сценарий қиялдан шыққан нәрсе емес екенін айтқаны белгілі болды. Сол себепті де Ресей тарапы Украинаға соғыс қимылдарын тоқтату керектігін жеткізді.

Сонымен бірге ол санкциялардың тотальды сипатқа ие екені және уақыт өте келе қатал болатыны түсінікті екенін айтты. Тоқаев Путиннен соғысты тоқтатып, Зеленскийді аяу керектігін айтты. Және ол өз делегациясына келісімге қол қою құқығын беруді өтінді" - деп жазады телеграм арна.

Бірақ Путин Тоқаевтың бұл сөзіне ренжіген көрінеді. Ол соғысты тоқтатпайтынын мәлімдеген. 

"Путин ұлтшылдармен келіссөздер жүргізбейтінін, Тоқаевтан Украина президенті Владимир Зеленскийге берілу керектігін жеткізуді сұрады. Зелинский берілсе ғана өзін және отбасын құтқара алады", - деп жазды арна.

Рамзан Қадыров: Шешенстанды тастап кеткен шайтандарды құрту керек
Қадыров: Екі-ақ күнде Украинаның тас-талқанын шығарамын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу