Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев төрт қыздан кейін ұлды болды

Oinet.kz 16-03-2022 898

Бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиевтің бесінші сәбиі дүниеге келді. Бұл туралы exk.kz сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz тілшісі хабарлайды. 

Screenshot_5.jpg

Боксшының жұбайы Мөлдір бесінші перзентін дүниеге әкелді. Осылайша, Сәпиевтер әулетінде төрт қыздан кейін ер бала өмір есігін ашты. Бұл ақпаратты қазақстандық жанкүйерлер өзара бөлісуде. 

Айта кетелік, Серік Сәпиев бірнеше жыл бойы бокстан Қазақстан командасының капитаны міндетін атқарды. Ол Лондондағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 2005 және 2007 жылы өткен әлем чемпионаттарында топ жарған. Спорттан кеткен соң Сәпиев осы салада лауазымды қызметтерді атқарды. 

Іштен шыққан жау жаман - Тоқаев
Тоқаев Мәжілістің мәртебесін күшейтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу