Гүлшара Әбдіқалықова - қазақтың ел билеген дана қыздарының символы

Oinet.kz 15-04-2022 5225

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Сыр жеріндегі аймақ басшысы миссиясын абыроймен  аяқтады. Басшылыққа келген уақыттан бастап, ең ауыр кезеңдерді халықпен бірге өткізіп, ең жауапты, күрмеуі қиын шешімдерде табандылық танытып, ел мүддесін  ерлерше қорғап шықты. 

Screenshot_3.jpg

Қаншалықты биязы, соншалықты сабырлы қалпымен Гүлшара Наушақызы ішкі стержінінің  ер азамтқа бергісіз  шарболаттай  мықты, рухты екенін көрсетті.  Нар көтерер зілді нәзік иығымен  көтерген қазақтың нағыз ер жүрек батыр қызы екенін дәлелдіді. 

Гүлшара Наушақызы  індеттің өршіген шағында халықтан, індеттен тығылмады.   Реанимацияға кіріп, ауыр халде жатқан науқастарға дем берді. Қауіпті аймақтардан тартынбай, аудан, ауылдарды аралап, 

ситуацияны кабинеттен емес, халықпен бірге болып, бақылауда ұстады.

Мықты деген әкімнің тұсында  егістікке су жетпей, 400 гектар күріштің  күйіп кеткені әлі есте. Гүлекең бұл проблемада да сасқан жоқ. Көрші облыстың әкімімен келісіп, Көксарайдың табанындағы қалдық суды, дарияға бұрып, егісті сақтап қалды. 

 Су тапшылығына облысты  дер уағында дайындай білді. Артық егілген күріш көлемін қысқартты, шаруашылықтардан  суды үнемдеу мақсатында егіс алқабын лазерлік тегістеуді талап етті. Суды аз ішетін дақылдарды егуді қолға алды. 

Судың аз жағдайына қарамастан, Түркістан облысы Қызылорда облысымен келіспей, минстрлікке өткізген  Сырдария арнасына  насос қою жобасын  тоқтатты. Аймақ мүддесін  алға шығарып, Шөкеевтің жобасының жолын кесу оңайға түспегені анық. 

Құрылысы жылдарға ұласқан, неше әкімді шығарып салған Шыны зауытын да өлі нүктеден қозғап, пешін іске қосты. 

Малға келген жұттың да пәтін қайтарды, жолын тапты. Жоғарыдан бұйрық күтпей, республикада бірінші боп,  дер кезінде  ТЖ жариялап,  барлық аудандардың күшін біріктіріп,  бір біріне  көмекке жұмылдырды. Мал да, аман, жан да аман.

Жер дауында да халықтың мұқтажын тыңдады, жағдайды бақылауға алды. 

Кешегі  қанды қаңтар оқиғасында апталдай азамат әкімдер қорқып, бұғып қалғанда, Гүлшара Наушақызы айналасына охрана алмай-ақ, қалың нөпір халықтың ортасына қойып кетті. Қасқиып тұрды, сөйледі.

Әкімдік ғимараты өртеніп жатқанда, қаладан қашып, шығып кетпей, қантөгістен соң, ТВ -ға шығып, елді сабырға шақырып, үндеу жасады. 

Бұл ерлік емей немене? Өйткені қорқатын түгі жоқ еді, Ұрлығы жоқ адам, неден қорықпақ. 

Қандай сын сағатта болмасын Гүлшара Наушақызы  халқымен бірге болды.Қанды  төңкеріс болып жатқанда, жау пәтінен қаймықпады, ат үстінен түспеді.  Қолбасшылық қырынан да танылды десек артық айтқандық емес.  

Заты әйел деп қайсыбір кісілер негізсіз сынап, басынды. Қатерлі күні  сол сыншылар көтерілген халыққа қой деп айтуға да жарамады. 

Бірақ табиғатынан сабырдан жаралған  әкім қызымыз өзінің  халқы алдындағы парызын адал арымен өтеді.Таза қолымен қызмет етті.

 Гүлшара Наушақызына халқы  қашанда риза! Бар болыңыз, қазақтың  асыл  да батыр қызы!

Айткүл Шалғынбаеваның Facebook парақшасынан

«Москва» өртеніп кетті
«Бұйрық солай! Айырылдық!» - Қайрат Нұртас желіге жазба жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу