«Москва» өртеніп кетті

Oinet.kz 15-04-2022 3571

Кеше бір өте маңызды оқиға болды. Ол Украина және Ресей соғысына қатысты еді. Алайда ол жайында Қазақстан БАҚ-тары көп жазбады, телеарналар көп көрсетпеді. Себебін білмедім. Ресей де оны бір жолдық жаңалық етіп көрсете салды. Қысқаша жазайын. 

Screenshot_1.jpg

Украина Ресейдің Қара теңіздегі “Мәскеу” атты крейсеріне зымыранмен соққы жасап, өртеп жіберді. Бір деректе суға кеткен дейді, екінші дерек зақымданып, қазіргі таңда ресейлік өзге кемелер ыңқылдап қауіпсіз аймаққа сүйреп барады дейді. Екі нұсқаның қайсысы болса да, зақымданғаны анық. Мәскеу «Мәскеудің» зақымданғанын мойындады, бірақ соққыдан емес, кеменің ішіндегі снарядтар өздігінен тұтанып кетті дейді (біреу тұтатпаса да тұтана беретін снарядтар екен). 

Screenshot_2.jpg

Неге бұл оқиға өте маңызды? Біріншіден крейсердің атауы Ресейдің астанасымен аттас, яғни Мәскеу. Оның өз идеологиялық маңызы бар. Екіншіден крейсерді Еуропа немесе АҚШ зымыранымен емес, Украина өз зымыранымен атты. Төл туындысы. «Нептун» зымыранын 2014 жылы жасай бастаған еді, 2020-да оны қолданысқа алды. Былайша айтқанда ресейлік «Мәскеуді» украиналық «Нептун» жойды. Маңызды ма? Маңызды! Тағы бір маңыздысы, енді Ресей кемелері Украина жағалауына тым жақындамауға тырысатын болар. Бұған дейін олар 20 шақырым жерден соққы жасап жүретін. Ал «Нептун» 280 шақырымдағы нысананы жоя алады. Яғни бұл енді ресейліктер үшін бір бас қатырар проблемаға айналды. Оның үстіне Ұлыбритания «Гарпун» атты кемеге қарсы зымырандарын әкелетін болды. Қысқасы Қара теңіз қарсыластың қаңылтырына толуы мүмкін. Ал осындай маңызды оқиғаны Ресей жылы жауып, өте шықты.

Суретте “Нептун” зымыраны.

Асхат Қасенғалидың Facebook парақшасынан

Президенттің баспасөз хатшысы тағайындалды
Гүлшара Әбдіқалықова - қазақтың ел билеген дана қыздарының символы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу