Президенттің баспасөз хатшысы тағайындалды

Oinet.kz 14-04-2022 989

Руслан Желдібай ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Screenshot_1.jpg

"️Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.

2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.

2018-2019 жж. – Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы.

2019-2020 жж. – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2020-2022 жж. –  Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2022 жылдың 14 ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары болды.

Ішкі істер вице-министрі өзін-өзі өртеген әйелге қатысты пікір білдірді
«Москва» өртеніп кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу