Билік не үшін зейнет жасын қысқартуға тырыспайтыны белгілі болды

Oinet.kz 30-05-2022 5097

Биліктегі шенеуніктер зейнет жасын төмендетуге құлшынып тұрған жоқ. Сарапшы Мұрат Мәшкеновтің сөзіне қарағанда, бұл мемлекет қазынасына ауыр салмақ түсіреді. Сондықтан үкімет бұған мүдделі емес деп хабарлайды Sputnik.kz

Screenshot_16.jpg

Экономикалық дағдарыс, инфляция, геосаяси жағдай – мұның бәрі бюджеттің кіріс бөлігінің толығуын қиындатып отыр. Сол себепті мемлекет ақша үнемдеуге тырысады.

"Оның үстіне экономикада "сұр" схема әлі бар. Яғни жалақы конвертпен берілетіндіктен, бюджет қыруар ақшадан қағылып отыр. Қазір ел экономикасында шағын бизнестің көбі "сұр" схемамен жұмыс істейді. Заңды тұлғаларды тіркейді де, жылына бір рет формалды түрде салық төлейді. Ал қалған төлемдер мүлде аударылмайды. Айлықты конвертпен береді. Еңбек келісімшарты атымен жоқ. Азаматтық келісімшарт қана, көрсеткен қызметі немесе тауары үшін ақша төлейді. Мұның бәрі бюджетке түсетін түсімдердің азаюына әкеп соғады", - дейді сарапшы.

Назарбаев: Ол менің ұлым сияқты еді
«Сіңірген еңбегім көп»: Назарбаев еңбегін бағаламаған халыққа ренжіді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу