Назарбаевтың ерлігінің арқасында Ресей Қазақстанға ешқашан соғыс аша алмайды

Oinet.kz 20-08-2022 5362

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді. Кездесуде мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады. Мемлекет басшысы Тоқаев қазіргі геосаяси жағдайдағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелеріне назар аударды.

Screenshot_5.jpg

“Бізді ортақ шекара біріктіреді. Ол – әлемдегі ең ұзын, құрлықтағы толығымен делимитацияланған шекара. Біздің ынтымақтастығымыздың болашағына қатысты пессимистік болжамдар жасауға, әрине, негіз жоқ! Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретінде барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастығымызға қосымша серпін беруге ниеттімін”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Саясаттанушы Асхат Қасенғали Тоқаевтың "делимитацияланған" деген сөзіне назар аударды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. 

"Бұл жерде екі сөзге мән беру керек. Біріншісі “толығымен делимитацияланған шекара”. Яғни “сенімен толық шешіп алғанбыз, шекара бойынша мәселе жоқ, өздерің қол қойғансыңдар” деген сөз. “Шекара” дегенді “территориялдық мәселе де жоқ” деп түсінсе болады. Аумақтық тұтастыққа қатысты саясаткерлерің айта бермесін дегені.

Екінші сөз, “пессимистік болжамдар жасауға негіз жоқ” деген сөз. Пессимистік болжамдарды Ресей жасайды көбіне, оны да доғару керек дегені" - деп жазды Асхат Қасенғали. 

Еске сала кетейік, кезінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алған тұста шекара мәселесінің бәрін шешкен еді. Ол Ресеймен де, Қытаймен де шекараны делимитациялап, соғысты болдыру қаупі жоғары аймақтар мәселесіне нүкте қойған еді.  

Путин Тоқаевты зор қошеметпен қарсы алып, үлкен алғыс айтты
Ресейден қаптап келіп жатқандар қазақша сөйлегісі келмейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу