Ресейден келгендер Оралдағы ауруханаға 600 мың теңге жалақы алатын жұмысқа қабылданды

Oinet.kz 28-09-2022 2006

Оралдағы ауруханаға Ресейден келген дәрігерлер жұмысқа алынып жатыр, деп хабарлайды Астана арнасы.

Screenshot_4.jpg

Фотоның мақалаға қатысы жоқ

Оралдық ауруханалар ресейлік жәрігерлерге 500-600 мың теңге көлемінде жалақы төлеуге дайын.

Өйткені өңірде хирургтар, анестезиолог-реаниматологтар жетіспейді. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, қазір Ресейден келген екі дәрігер – эндоскопист пен инфекционистің құжаттары рәсімделіп жатыр.

Үшінші маман шекарада тұр дейді. Оның да құжаттары реттелген соң, жұмысқа кіріспек. Барлық процедура заңға сәйкес жүргізілуде. Аурухана басшылығы   жаңа қызметкерлердің тұрмыстық мәселесін шешуге де тырысамыз деп отыр.

“Жұмыс өтілдері бар: біреуінде 8 жыл, біреуінде 12 жыл, шекарадан келетінінде 15 жыл бар. Біздің беретін жалақыны олардың алған жалақысымен салыстырғандай бірдей болып тұр. Сондықтан біздің жалақы олардың жалақысынан түк те аз емес. Сапалы жұмыс істесең, толық жұмыстансаң, жалақы да болады, бәрі де болады”, – дейді БҚО жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.

Запорожье, Херсон, ДХР, ЛХР Ресейдің құрамына кірді
Қытай Ресейдің екі өлкесін тартып алмақшы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу