Министрлік зейнеткерлердің зейнетақасын тағы да көтеретін болды

Oinet.kz 01-10-2022 5054

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанның барлық зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтап, аға ұрпақ өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен амандық тіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Screenshot_6.jpg

"Аса құрметті зейнеткерлер, сіздерді шын жүректен Қарттар күнімен құттықтаймын! Аға буын өкілдеріміз – еліміздің алтын қоры, халқымыздың даналығы мен дәстүрін сақтаушылар, жас ұрпаққа үлгі көрсететін, өз істеріне берік, ақылшы данагөйлеріміз. Қарттарға қамқорлық жасау мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Жыл сайын базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері артып келеді. Осы мақсаттарға бюджеттен 3 трлн теңге бөлінуде. Биыл зейнетақы төлемдерін екі рет индекстеу жүргізілді. Сонымен қатар, Мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында, Әлеуметтік кодекс жобасы аясында зейнетақы төлемдерін арттыру жолдары көзделген. Бұл шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27% - ға ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді министр.

Тоқаев мұғалімдерді тағы бір жағымды жаңалықпен қуантты
Орысша сұраққа қазақша жауап берген тұңғыш министр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу