Түркістанда полиция қызметкері суға секіріп кеткен қызды құтқарып қалды

Oinet.kz 21-05-2019 1511

Screenshot_2.jpg

Фото: Аға сержант Рақымжан Ниязбекұлы

Түркістан облысында өзіне қол жұмсамақ болған бойжеткен көпірден секірген деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Отырар аудандық полиция бөліміне үлкен каналға белгісіз бойжеткеннің секіріп кеткені туралы хабарлама түскен. Кезекші бөлім қызметкерлері оқиға орнына полиция нарядын және участкелік полицейлерді жөнелткен. Оқиға орнына Отырар аудандық полиция департаментінің аға сержанты Рақымжан Ниязбекұлы бірінші жеткен.

Уақыт жоғалтпау үшін ол бірден қызды құтқару үшін суға секіріп, оны жағаға алып шыққан. Аға сержант Ниязбеков бойжеткенге алғашқы көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта бойжеткеннің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оны ата-анасының үйіне жіберді.

Жас қыздың ата-анасы аға сержант Рақымжан Ниязбекұлына шексіз алғыстарын білдірді.

Screenshot_1.jpg

Асқар Мырзахметовтың алты жылы...
Брежнев ең мықты билеуші
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу