Алматының экс-әкімі: Зейнетақым 130 мың теңге, ештеңеге жетпейді

Oinet.kz 10-11-2022 3249

Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов қазіргі алатын зейнетақысының өзіне жетпейтінін айтты. Бұл жөнінде бұрынғы шенеуніктің журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында белгілі болды.

Screenshot_1.jpg

Баталов қазір өзінің 130 мың теңге зейнетақы алатынын айтып, оның ешнәрсеге жетпейтінін мойындаған.

“Зейнетақым 130 мың теңге бәріне жетеді деп айту ұят, әрине жетпейді. Бірақ жиған-тергеніміз бар ғой. Неше жыл әкім болып істеп осындай зейнетақы аламын”, - дейді ол.

Зейнетақысының мөлшеріне шағымданғанымен балаларының түрлі қызметте істейтінін алға тартқан Баталов қаржыдан қатты қиналмайтынын жеткізген.

Әр адамның қанша мың теңге несиесі кешірілетіні белгілі болды
Биыл Қазақстан экономикасы өсті - Ұлттық экономика министрі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу