Әр адамның қанша мың теңге несиесі кешірілетіні белгілі болды

Oinet.kz 09-11-2022 12789

Экономист Мақсат Халық Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында қай азаматтардың несиесі кешірілетінін айтты. Оның сөзінше, қазір елде жалпы сомасы 600 миллион теңге несие кешірілмек. Алайда адам санына бөлгенде кешірілетін несие 20 мың теңге ғана екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Screenshot_11.jpg

Мақсат Халықтың сөзінше, 28 мың азаматтың несиесі кешіріледі деп ақпарат тарату қателік екен. Себебі 600 миллион теңгені 28 мың адамға бөлсе бар болғаны 20 мың теңге шығады.

"Сонда әр адамның 20 мың теңгесін кешірмекші. Бұл айқайлап жасайтын дүние емес. Енді кімнің несиесі деген мәселеге келсек, менің ойымша, бұл – микроқаржы ұйымдарының несиелері. Қазір мұндай ұйымдар өз несие портфельдерін тазалап алмақшы. Кей азаматтар 20 мың немесе 50 мың теңге алып, бірақ қарызы сол күйі төленбей қалған. Болмаса біреудің атына алаяқтар несие рәсімдеуі мүмкін. Мұндай қаржының төленбейтіні анық. Осындай несиелер кешіріліп жатса керек. Ал мұны халықтың несиесін кешіріп жатқандай етіп көрсету қылмыс санатына да қосылуы мүмкін. Бұлай халық арасында дүрбелең салуға болмайды", – дейді экономист. 

Қазақстанда орташа жалақы көлемі азайды - Ұлттық статистика бюросы
Алматының экс-әкімі: Зейнетақым 130 мың теңге, ештеңеге жетпейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу