Қазақстанда орташа жалақы көлемі азайды - Ұлттық статистика бюросы

Oinet.kz 08-11-2022 2090

2022 жылғы ІІІ тоқсандағы Қазақстанда орташа жалақы көлемі айтарлықтай төмендеген деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Screenshot_1.jpg

Биылғы ІІ тоқсанда айлық еңбекақы көлемі 312 мың теңге болған болса, қазір ол 299 782 теңгеге дейін төмендеген. Ал медианалық жалақы (ең жоғары жалақы мен ең төмен жалақының қақ ортасындағы көрсеткіш – ред.) 196,7 мың теңгеден 189 мың теңгеге дейін азайған.

Сарапшылар биыл жалақы төмендегенмен, былтырғы ІІІ кварталмен салыстырғанда 23%, ал инфляцияны ескерсек 5,8% өскен дейді. 

Облыс бойынша статискаға келсек, ең жоғары орташа жалақыны Атырау облысындағы жұмысшылар алады екен. Олардың еңбекақысы – 526 848 теңге. Ал ең төмен жалақы Түркістан облысында тіркелген – 216 710 теңге. 

Еске сала кетейік, Тоқаев биыл елдегі төменгі жалақы мөлшерін көбейткен болатын. 

"Мен ең төменгі жалақыны 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді", - деді мемлекет басшысы.

Банктер сый жасады: Қазақстандықтардың әл-ауқаты артатын болды
Әр адамның қанша мың теңге несиесі кешірілетіні белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу