Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ - СІМ

Oinet.kz 06-02-2023 562

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді. 

Screenshot_4.jpg

Бүгінгі таңда Түркиядағы Қазақстан елшісі жергілікті төтенше жағдайлар басқармасымен байланыста екен. 

"Түркия Республикасындағы елшілігіміздің ақпаратына сәйкес қазіргі таңда Қазақстан азаматтары жер сілкінісіне байланысты көмекке жүгінбеген. Қазір ҚР азаматтары зардап шеккендер көз жұмғандар тізімінде жоқ. Дегенмен қирандылардың көптігіне байланысты құтқару жұмыстары әлі жалғасуда", – деді ол. 

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды. Бұл туралы Мемлекеттік төтенше жағдайлар басқармасы (AФАД) мәлім етті.

Мемлекет басшысы Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды
Ресейдегі VW зауытын қазақстандық компания алуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу