Кремльдегі еврейлер кімдер?

Oinet.kz 20-06-2019 2971

Screenshot_16.jpg

         Ресейдің бас раввині (еврейлердің дін басы) Берл Лазер: «Ресейде болған революциялардың ішіндегі ең бейбіт әрі ең тиімдісі Хабад өкілдері жасаған революция болды» - деді. Хабад қозғалысы еврейлерді иудаизмге қызмет ету,  Таурат заңдарын құлшыныспен, терең түсінік пен даналық негізінде үйренуді насихаттайтын ұйым. Осы ұйымның соңғы көшбасшысы Менахем-Мендл Шнеерсонның кезінде әлемнің көптеген елдерінде иудаизмді үйрену ұйымдары құрылып, соңынан ол ұйымдар еврейлердің толыққанды қауымдарының пайда болуына негіз болды. Осы Хабад қозғалысының мыңдаған өкілдері әлемнің көптеген елдеріне барып, діни білім жүйесін қалыптастырды. Менахем-Мендл Шнеерсонның абыройы өте жоғары болатын. Израильдің премьер-министрлері мен еврейлерден шыққан көптеген олигархтар ол руханидің қабылдауында болуды өзіне үлкен мәртебе санайтын.

2000-шы жылдардың басында  Ташкент қаласының білім басқармасына қарасты еврей орта мектебінде болдым. Ғимарат биіктігі 5 метр қорғанмен қоршалған. Мектепке 7 автобус қызмет етеді, барлық оқушыны дерлік ауласынан алып, мектепке жеткізеді. Барлық оқушыларға 3 рет тегін тамақ беріледі. Барлық дерлік сыныптар соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталған. Ең қызығы – бұл мектепте Хабад ұйымының өкілдері дін сабағын өтеді екен. Мемлекетке қарасты мектептерде ол кезде «Дін негіздері» деген сабақтар өтілмейтін. Каримов үкіметінің 1999 жылғы жарылыстардан соң ислам экстремизмімен күресіп жатқан кезі. Мектепте дін сабағы былай тұрсын, ол кезде  зейнеткерлердің өзі мешітке ойланып баратын. Директор ханым сыныптарды аралатып, оқу-тәрбие жүйесімен таныстырып жүр. Бір кезде оқушылар мектептің фоесіне жиналды. Екі қыз пианинода ойнап, басқа оқушылар Өзбекстанның ән ұранын орындады. Бұны көрген қай комиссия болсын таң қалады екен. Мектептің осы патриоттық акциясын көрген тексерушілер мен жоғары мәртебелі қонақтар мектептің ішкі дүниесін «ақтарып-төңкеріп» жатпайды екен.

Есімде қалған тағы бір эпизод. Өзбекстан үкіметі Бұхара қаласындағы «Еврей кварталының 150 жылдығын атап өту» жайлы арнайы қаулы қабылдады. Сөйтіп сол кварталға қалада болуы мүмкін бар игілік жасалды. Талай елден қонақтар келді. Аудандардың мерей тойы да бұлай өтпейтін. Бұның бәрі бүгінгі дипломатия тілінде «жұмсақ, жайлы күш» деп аталып жүрген болмыстың, Хабад революциясы  серпін берген үдерістердің нәтижесі болатын.

Ресейде ғасырлар бойы тапталып, жаншылып келген еврейлерді Қазан төңкерісі құтқарды, жарыққа шығарды десек артық болмайды. Қазан төңкерісін ұйымдастырып, Совет үкіметінің басына келген тұлғалардың басым көпшідлігі еврейлер болатын: Ленинмен бақталас болып келген Троцкий, Совет парламентінің бірінші төрағасы Свердлов, Каменев, Зинвовьев – бәрін тізіп жазып шығу мүмкін емес. Кремльге орналасып, билікті қолына алған соң, үкімет басындағы еврейлер «қызыл террор» деп аталған қанды қасіретті бастады. Миллиондаған адамдардың қанын төккен Қазан төңкерісі мен азаматтық соғысы Ресей мен осы империяның колониясы болған көптеген елдердің тауқыметіне айналды.

Еврейлерге қатысты бір анекдот ойымнан кетпейді. Мен жақсы аудармашы емеспін, орысшасын айта салайын:

- Рабинович, ты слышал новость?
- А что такое?
- В зоопарке родился слоненок.
- А как это может отразиться на евреях?

         Ия, еврейше айтқанда, Кремльдегі еврейлердің қазаққа қандай әсері болды. Бірінші ойға оралатын есім – Голощекин. Қысқаша анықтама: Филипп Исаевич Голощекин – 1924-1933 жылдар аралығында Қазақстанның бірінші басшысы болған шағында қазақ ұлтының және Қазақстанда тұрып жатқан басқа да ұлттардың малын тартып алып, күшпен отырықшыландырып, асыра сілтеушілігімен тарихта қалды. Оның кесірінен 3 миллиондай қазақ аштан қырылып, жүз мыңдағаны көрші елдерге босып кетті. Кейін ол антисоветтік ұйым құрды деген айыппен атылды.

         Бірде Ресейде тұратын қазақ қауымының басшылары «Ұлы жұт» деген орыс тілінде шыққан зерттеу сыйлады. Кітапта Голощекиннің басқару кезеңіне, Қазақстандағы аштықтың себептеріне терең талдау жасалған. Оқып жыладым, ал Ару деген қызым сол кітапты оқыған соң, Ресей империясына деген өшпенділігі артып, Мәскеу, Кремль деген сөздерден тітіркенетін болды. Голощекиннің еврей екендігі соңғы жылдардағы зерттеулерде кеңінен айтыла бастады. Бүгінде ақпарат құралдары 2011 жылы 7 ақпанда Израиль азаматтығын алған қазақстандық олигарх Александр Машкевичті сол қанішер Голощекиннің жиені деген ақпарат таратты. Бұл ақпараттың қаншалықты ақиқатқа сай келетінін білмеймін. Бірақ Қазақстанда миллиардерлер қатарына қосылған Машкевич еврейлер әлемінің «Герцл қалқаны» медалін алып жатып, Израиль мемлекетіне қомақты қаржы салатынын жариялады.

         Ресейдің бірқатар зерттеушілері ел саяси истеблишментінің құрамындағы еврейлер туралы сенімді деуге келетін ақпараттар жариялап тұрады. Совет Одағы мен Ресей Федерациясының жүрегі болып келген Кремльде еврейлер қашанда белгілі дәрежедегі ықпалға ие болған. Совет Одағының Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін (КГБ) ұзақ жылдар басқарып, соңынан Бас хатшылыққа, яғни мемлекет басына келген Юрий Андроповтың патшалық дәуірі қысқа болса да, ел есінде қалды. Елде қатаң тәртіп орнап, барша мемлекеттік қызметкерлер әскерилерге айналып кете жаздады. Кремльтанушылар Юрий Андроповтың КГБ-ге баруына Брежневтің еврей әйелі себепші болғанын, Леонид Ильич Хрущевтің басына түскен мемлекеттік төңкерістің қайталану ықтималын сол Андроповтың арқасында болдырмағанын айтады.

         Совет Одағы ыдырап, Борис Ельцин билікке келген соң еврейлердің Кремльдегі ықпалы бұрынғыдан да күшейе түсті. Сарапшылар еврейлер ықпалының бұлай күшеюіне Борис Николаевичтің әйелі – еврей ұлтының өкілі  Наина Иосифовна Ельцинаның әсері күшті болғанын айтады. Зерттеуші Влада Романованың «Не будет счастья на земле, пока жиды сидят в Кремле» деген еңбегінде жазуынша, Ельциннің тұсында Ресейдің билігі мен байлығы еврейлердің қолында болыпты. Сол еңбектен үзінді келтіре кетейік.  

         «Советник президента по вопросам экономики – Лившиц – еврей.

Главы Администрации Президента Филатов, Чубайс, Волошин – все евреи.

В Правительстве:
Министр экономики – Ясин – еврей
,
Зам. Министра экономики – Уринсон – еврей
,
Министр финансов – Пансков – еврей
,
Зам. Министра финансов – Вавилов – еврей
,
Председатель Центрального банка – Парамонова – еврейка
,
Министр иностранных дел – Козырев – еврей
,
Министр энергетики – Шафранник – еврей
,

Все финансы России сосредоточились в руках евреев.

Страной управляли семь банкиров, шесть из которых – евреи:
1.Авен – еврей,
2. Березовский – еврей,
3. Гусинский – еврей,
4. Потанин. Прохоров (еврей по матери)
5. Смоленский – еврей,
6. Фридман – еврей,
7. Ходорковский – еврей
».

Ия, еврейлердің Ресей билігі мен қаржы саласындағы ықпалын жоғарыдағы қысқа тізімнің өзі анық көрсетіп отыр. Ресейдің үгіт-насихат саласындағы ықпалы жайлы айтудың өзі артық. Телеканалдардың ұстанымы мен кескінін сипаттайтын жүргізушілер – Познер, Соловьев, Архангельский, Швыдкой, Максимовская және тағы басқалар өз ұлтының мұддесін ешқашан ұмытпаған.

Владимир Путиннің кезінде еврей ұлтынан шыққан олигархтардың қатары біраз сирегенімен (Березовский, Ходорковский), саяси сахнадағы ықпалы аса әлсіреген жоқ. Орыс ұлтшылдары сияқты Путин мен Медведевтің ұлты жайлы болжамдар айтудан аулақпыз, бірақ бұл екі басшының да еврейлер мен иудаизм діні басшыларына деген ықыласы күшті екенін айта кетейік. Кремльде еврейлердің діни мейрамдары атап өтіліп жатады. Ал Ресей тұрғындарының 15 пайызын құрайтын  21,5 миллион мұсылманның құрметіне Кремльде ауызашар өткізілгенін естімеппіз.    

Мойындауымыз керек, тек Ресейде емес, әлемнің аузын айға білеген елдерінде де еврейлердің ықпалы күшті. Әлемдегі ірі саяси тұлғалар мен миллиардер-олигархтардың ішінде қанша еврей бар екенін білмеймін, бірақ Нобель сыйлығын алған лауреаттардың 5/1-ін еврейлер құрайды екен. Нобель сыйлығын алған лауреаттардың ішінде 37-і физика, 27-і – химия, 39-ы - физиология және медицина, 10-ы әдебиет, 13-і - экономика, ал  7 – Нобель сыйлығының бейбітшілік саласы бойынша марапатталған екен.

Еврейлердің данышпандары Кремль мен қаржы саласындағы ықпалды бауырларын орыс халқымен бөлісуге үндеп келеді. «Еврейлердің шектен тыс ықпалы орыс халқының ашу-ызасын тудырып, жаппай қудалауларға себеп болуы мүмкін» деген үрейлерін БАҚ бетінде де жариялап келеді. «Кезінде Украина мен Германияда болған еврейлердің қырғыны қайталануы мүмкін, сендер құтылып кетерсіңдер, бірақ Ресейдегі қандастарыңды өз ашкөздіктеріңнің құрбанына айналдырасыңдар» деген ойлар «Аргументы и факты» деген беделді газетте де жарияланған болатын.

Совет Одағы ыдырап, билік Ельциннің қолына өткен кезде еврей ұлтынан тұратын бүгінгі орыс олигархтары қалыптасты. Ал еңбексіз, алаяқтықпен келген дүние қайырлы болмайды. Мұндайда еврейлердің өзі: «Если жрёшь в три горла, помни, что задница у тебя одна» - дейді. Шектен тыс ықпалдың қоғам алдында болмаса да, Құдай алдында сұрауы барын ұмытпаған жөн.

Үсен Асқаров

Дариға – бірінші...
Нұрсұлтан Назарбаев: «Жұмыс жүрмей жатса бірінші басшыны ауыстыру керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу