Назарбаев: «Түк көрмеген қазақтар 4-5 қабат үй салады»

Oinet.kz 21-05-2019 7974

Screenshot_4.jpg

«Әу дегенде түк көрмеген қазақтар 4-5 қабат үй салды. Оның ішінде үйді сыпыру үшін 5-6 адам керек. Барлығына 10 шақты адам ұстау керек. Қазір не қыларын білмей жүр. Ең үлкен машина мініп, танк сияқты машина болса, соны да алар еді ол кезде. Ал қазір, мінекей, ықшамдап істеуге келдік. Үйді де кішірек салу керек. Жағдай да солай, дүние де солай. Сондықтан олармен сөйлесіңдер. Төрт қабатты үйді не қылады? Балабақшаға берсін», — деді президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда алғаш рет мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша ашылғалы жатқан балабақшаны аралап көру барысында. Елбасының айтуынша, өкімет алдағы уақытта осы әдіс бойынша балабақша ашу шараларын жалғастыра береді. Бұл бизнеске тиесілі үлес болады. Мемлекет жер телімін береді, барлық инфрақұрылымын тартады. Кәсіпкерлер ғимарат салып, балабақша ашады. 

Елбасы Алматыға жасаған сапары барысында сондай-ақ, киім және аяқ киім тігетін «Қазжеңілөнеркәсіп – Алматы» кәсіпорнында болды. Аталған кәсіпорынның басшысы Айбек Бектұрғановтың айтуынша, 2 жыл ішінде мұнда 55 миллион жұп аяқ киім эспортқа шығарылған. Ол Елбасының осы сапарға «Қазжеңілөнеркәсіп - Алматы» кәсіпорнында тігілген костюм киіп келгенін жеткізді.

--Барша қазақстандықтарға өзіміздің отандық тауарларды, соның ішінде «Made in Kazakhstan» белгісі бар аяқ киімдер мен костюмдрді сатып алу қажеттігін айтқым келеді. Егер жеңіл өнеркәсіп ілгері басатын болса, сала кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер еңбекақы алып, мемлекетке салық төлейді. Бұл бәріне тиімді, бюджетке түсім түседі, елде өзіміздің өндірген тауарларымыз пайда болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында.

Естеріңізде болса, Елбасы отандық костю-шалбарды киіп, оны тегін жарнамалап жүргенін қыркүйекте Атырауда өткізген жиында айтқан болатын. Артынша Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Сайрам ауданындағы «Алтын адам» деп аталатын тігін цехында болып, аталған кәсіпорынның костюм-шалбарын сатып алды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің таратқан мәліметінде «Алтын адам» республикада ерлерге арналған костюм-шалбар тігетін жалғыз кәсіпорын делінген еді. Осыдан кейін Елбасы Біріккен Ұлттар ұйымындағы жиынға, Сочидегі президенттердің кездесуге киіп барған костюм-шалбары өзіміздің Сайрамда тігілген шығар деп ойлап едік. Қателескен екенбіз.  Енді белгілі болғандай, ол Сайрамда емес Алматыда тігілген болып шықты.   

Мұрағаттан, 2015 ж

Нұрсұлтан Назарбаев: «Жұмыс жүрмей жатса бірінші басшыны ауыстыру керек»
Дариға Назарбаева: «Үйімнің ауласында түлкілер мен қояндар өріп жүреді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу