Аюпов «пара берді» деп айыпталған

Oinet.kz 01-04-2023 360

photo_426176.jpeg

Астанадағы абақтыда отырған Кентау қаласының бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты тергеу амалдары «пара алды» деген бап бойынша жүріп жатыр.  Tengrinews.kz  порталының журналистік сауалына Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі осылай деп жауап берген. 

-Р. Аюпов 2022 жылдың 17 қазанынан бері Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің  Астана қаласы бойынша департаментіне қарасты қауіпсіздігі аралас №64 тергеу абақтысында отыр. Қазіргі уақытта Р.Аюповқа қатысты Қылмыстық кодекстің (бұрынғы редакция бойынша)  312-бабының  5-бөлімі және 28 бабының 4-бөлімімен жүріп жатыр,-делінген Комитеттінің баспасөз қызметі берген мәліметте. 

Аталған баптарды тәпсірлесек, Аюпов айдап салушы немесе  басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндiруші деп танылған. Сонымен бірге оған «аса ірі мөлшерде пара берді» деген айып тағылған. Бұл бап бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.  


Рашид Аюпов тергеу абақтысында отыр
Ақордада тағайындаулар басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу