Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

Oinet.kz 13-04-2023 471

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Билисбеков-Н.Д..jpg

Нұрғали Білісбеков Қазақ химия-техникалық институтын (1985 ж.), Қазақ гуманитарлық заң университетін (2005 ж.) бітірген.

1989-1996 жылдары – мемлекеттік/ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды;

1996-2007 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда болды;

2007-2009 жылдары – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары;

2009-2013 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда қызмет етті;

2013 жылғы наурыздан бастап – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.

І, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.

2018 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.

Саакашвили өлім аузында жатыр
Факт шындыққа сәйкес келмейді. Антикор шулы видеоға түсінік берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу