«Нұрлы жер» жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданатын болды

Oinet.kz 30-07-2019 1028

Screenshot_11.jpg

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру барысы қаралып, тағы да осындай жаңа бағдарламаның жобасын бекітілетіні айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жұмыс істейтін жастардың еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 2019-2021 жылдары жылына 1 мың жалдамалы пәтер салу жоспарланғанын атап өтті.

"Бұл 2019, 2020 және 2021 жылдары жұмысшы жастарға 3 мың жалға берілетін пәтер беруге мүмкіндік береді", — деп нақтылады министр.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларды жылдық 2%-бен жеңілдікпен несиелендіру аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 50 млрд теңге бөлінді. Өңірлер арасындағы несие беру лимиттері кезектегілер санына барабар анықталған.

15 шілдеде банк төлем қабілеттілігін алдын ала бағалау бойынша кезекте тұрғандардан өтініш қабылдауды бастады. Қарауға 9,9 млрд теңге сомасына 920 өтініш түсті. Несие беруге 1 млрд теңгеге 91 өтінім мақұлданды.

Елбасының тапсырмаларын іске асыру аясында "Нұрлы жер" бағдарламасын әзірлеуде тұрғындарды жылумен, сумен жабдықтау және су бұру, коммуналдық секторды жаңғырту және үйлерді жөндеу мәселелері бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде қолданыстағы және жаңа іс-шараларды қаржыландыру тетіктері пысықталуда.

Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа редакциясын бекіту жоспарлануда.

Министрлік көпбалалы отбасыларды Нұр-Сұлтаннан неге басқа жаққа көшіріп жатқандарын түсіндірді
Жол салуға бөлінген 552 миллион теңгені жымқырғандар ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу