Прокуратура: Түркістанда шенеуніктер инвестордың құқығын бұзған

Oinet.kz 16-02-2024 233

15b8d90e23d58cd9fa1456b539d36143_1280x720.jpg 

Түркістан облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның «ParkViewResidence»" ЖШС инвесторы құқықтарын бұзу фактісінің жолын кесті. Бұл туралы аталған органның баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда инвестор премиум-класс тұрғын үй құрылысы жобасы аясында 9,6 млрд теңге инвестиция салып, 50 адамды жұмыспен қамтыған. Сонымен қатар, кәсіпкер биыл қосымша 14 коттедж салуға 6,7 млрд теңге инвестициялауды жоспарлаған.

Құрылыс-монтаж жұмыстары кестесінің кешігуіне байланысты (аяқталу мерзімі 31.12.2023ж.) облыс әкімдігі инвестордың  «ParkViewResidence»" ЖШС нысандарын пайдалануға беру мерзімін ұзарту мәселесін ұзақ уақыт бойы шешпеген.  Қажетті шешім қабылдауын жергілікті атқарушы органның жасанды түрде кешіктіргені белгілі болды.

Облыстық прокуратураның ұсынуынан кейін әкімдік  «ParkViewResidence»" ЖШС құрылыс мерзімін 1 жылға ұзарту туралы шешім қабылдады, Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инвестициялық жобаны қолдау жалғасуда және прокуратураның бақылауында.

 


Шымкентте ҰҚК департаменті бастығының орынбасары ұсталды
«Сайрамда қастерлі орындар қараусыз жатыр» Сенаторлар Премьерге сауал жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу