Полиция Мақтааралда есепшінің өз-өзіне қол жұмсағанын растады

Oinet.kz 19-02-2024 200

 17383458_0_161_3067_1886_1920x0_80_0_0_6fbc151c3baec69ad79775207376b572.jpg

Полиция Түркістан облысы Мақтаарал аудандық білім бөлімінде бюджет қаражатын талан-таражға салуға қатысты тексерулер кезінде есепші болып істейтін қызметкердің өз-өзіне қол жұмсағанын растады. Бұл туралы Otyrar.kz порталы хабарлады. Оқиға 25 қаңтарда болған.

-25 қаңтар 2024 жылы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінде суицидке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлімімен  (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) қозғалған қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде,-делінген аталған порталдың сауалына жауап берген Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Еске сала кетейік, Мақтаарал аудандық білім бөлімінде тексеру жұмыстарын Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті жүргізуде. Бұған дейінгі ресми мәліметте Мақтаарал аудандық білім бөлімінде 1,2 миллиард теңгенің жымқырылғаны хабарланған болатын.

 


ҰҚК арнайы операция бастады
ҰҚК арнайы операцияның нәтижесін жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу