Назарбаев: «Қылмыскерлер қарумен қарсылық көрсетсе өлтіру керек»

Oinet.kz 07-07-2019 5015

Screenshot_4.jpg

"Біз олардың сол аймақта екенін білеміз. Халыққа ескерту жасалды. Қылмыскерлердің біреуін де қалдырмай ұстау керек. Қарумен қарсылық көрсетсе, өлтіру керек. Барлығы қатаң түрде жазалануы тиіс".

 Кешегі күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдаған президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Осы жөніндегі ақпаратты жария еткен Ақорданың Твиттердегі парақшасының жазуынша, кездесу барысында В.Жұмақанов Ақтөбедегі антитеррорлық операциялардың қалай жүріп жатқанын мәлімдеген. Бүгінге дейін 13 лаңкес өлтіріліп, 14 адам жараланды. Сонымен қатар, 6 қылмыскерге іздеу жарияланды.

Қазір сарапшылар Қазақстандық құқық қорғау органдарының сын сағатта сүрінбей, дұрыс шешім қабылдай алғанын, мемлекетті үлкен апаттан аман алып қалғанын айтып жатыр. Жалпы алғанда Ақорда биылғы жылдың қиын болатынын алдын ала білген сияқты. Естеріңізде болса, Владимир Жұмақанов бұл қызметке былтыр желтоқсанда тағайындалған болатын. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетін ұзақ жылдар басқарған Нұртай Әбіқаевты алмастырды. Кездейсоқ емес шығар, бәлкім. Жұмақанов бостан босқа таңдалған жоқ қой.  

Мұрағаттан, 2016 ж

Төлешевтің мемлкеттік төңкеріс жасамақ болғаны қисынды ма?
Әбдірахымов: «Әкімшілік іскерлік орталығында көшеттерді ұрлап кетіп жатыр дегенді жиі естимін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу