«Қаңтардан кейінгі Алматы»: Ерболат Досаев несімен есте қалды

Oinet.kz 24-05-2025 168

24 мамыр күні Ерболат Досаев ресми түрде Алматы әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Үш жылға жуық әкім лауазымында болған шенеуніктің кезінде Алматы шаһарында қандай өзгерістер болды, не жаңарып, не аяқсыз қалды?

Ерболат Досаев “Қаңтар оқиғасынан” кейін, жүздеген кәсіп иелері жөндеу жұмыстары мен қолдауға зәру сәтте Алматы әкімі болып тағайындалды. Осылайша Алматының Бас жоспары қолға алынды.

2022 жылдың ақпанында Ерболат Досаев TAV Airports Holding компаниясының бас директоры Мустафа Сани Шенермен кездесіп, Алматы әуежайының жаңа терминалын салу мәселесін талқылады. Қаңтар оқиғасы кезінде ескі терминал да қираған еді. Әуежай 2024 жылдың маусымында іске қосылды. Қаңтар кезінде зақымдалып, қайта жаңарған әуежай қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсті. Нысан құрысылын сынағандар аз болған жоқ. 

Қаңтар оқиғасы кезінде өртке оранған Алматы әкімдігі де жөндеу жұмыстарын қажет етті. Ғимаратты қалыпқа келтіру жұмыстарына 17 миллиард теңге бөлінді.

Қаладағы басты алаңда орналасқан "Республика" бизнес-орталығында да жөнду жқмыстары жүрді. Алайда ғимараттың бірінші қабаты әлі күнге дейін белгісіз себеппен жабық тұр.

Бұрынғы Президент резиденциясы орналасқан жерде алаң салынады деп жоспарланды. Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттың қирандылары бұзылып тасталды. Ал қала әкімдігі оны қалпына келтіру мүмкін емес екенін мәлім етті. Алайда алаң сол күй салынған жоқ.

Досаевтың кезіндегі Бас жоспар

2022 жылдың мамыр айында Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Ол президентке қала экономикасы қарқын алып келе жатқанын, шағын және орта бизнес 97%-ға жұмысын қалпына келтіргенін баяндады.

2022 жылдың 30 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы түзетулерге қол қойды. Сол түзетулердің ішінде қаланың қала құрылысы кеңесін құру туралы ереже де бар еді. 2022 жылғы 19 тамызда Ерболат Досаев тиісті қаулыға қол қойды. 2023 жылдың 22 мамырында Алматы қаласының жаңа Бас жоспары бекітілді. Оның алғашқы нұсқасы 2002 жылы әзірленген еді. Одан бері қала екі есеге ұлғайды. Жаңа құжат 2040 жылға дейін Алматыны нүктелік құрылыстан арылтуға, экологияны жақсартуға және жасыл аймақтардың санын көбейтуге бағытталған еді.

Досаев тұсында әзірленген Бас жоспар бойынша сейсмикалық қауіпі жоғары аймақтарда салынып жатқан ғимараттардың қабат санын шектеу енгізілді.

Сондай-ақ Досаев тауға жақын аумақта құрылыс жүргізуге рұқсат бермегені үшін адамдардың наразылыған тап болғанын айтқан еді. 

Бас жоспарда “Алматы қаласы 2040 жылға дейін үш есе көбірек көгалдандырылған қалаға айналуы керек” деген талап ерекше атап өтілген. Шаһарда жаппай ағаштар, көшеттер отырғызылды. Бірақ отырғызылған өсімдіктердің өте аз бөлігі ғана жерсініп, қалғандары өнбей қалды. 2023 жылдың тамызында ағаш отырғызу бойынша жаңа ережелер қабылданды.

Досаев мемлекет басшысына берген баяндамасында қалаынң 70 көшесінде 25 шақырым жаңа жол салынғанын, 200 шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарынан өткенін айтты.

Ал қала жолдарындағы бітпейтін жөндеу жұмысы мен жолдардың жабылуы туралы хабарламалар, жақсы жолдардың қайта қопарылыуы және жол жиегіне еш себепсіз орнатылған бордюрлер шаһар тұрғындарын мезі етті. 

Тағайындалудан кейінгі наразылық

Ерболат Досаев тағайындала сала тұрғындардың наразылығына тап болды. Қала халқы оның қызмеінен кетуін талап етті. 25 мың адам Досаевтың лауазымнан кетуі туралы петицияға қол қойып “Досаев кет!” деген ұранмен митингке шықпақ болды. 

Алматы әкімдігі көп жағдайда қандай да бір митингілерге рұқсат бермеді. 8 мамырға арналған шерулерге Feminita.kz ұйымына үнемі тыйым салынды. Биыл қаңтар айында феминистерге бейбіт шеру өткізуге 15-рет тыйым салынды. Ал ұйым жетекшілері сот шешімімен айыппұлға тартылды. Бірақ 2022 жылы бұл шерулер өткізіліп жүрді.

Экс-әкім кезінде Алматыда екі рет 5 баллдық жер сілкінісі болды. Қаңтар мен наурыз айындағы жерасты дүмпулері алматылықтар алаңдтып қойды. Сөйтіп Алматыда сейсмологиялық орталықты жөндеуге қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Президенттік ескерту жүйесімен де жұмыс жүргізілді. Екінші дүмпулер кезінде жүйе іске қосылды, бірақ жүйе жерасты дүмпуінен кейін қосылды.

Алматыдағы су мәлесесі

Ерболат Досаев алматылықтар үшін су мәселесін қолға алды. Қалада тек тарифтер ғана емес, оларды есептеу тәсілдері де біртіндеп өзгертілді. Өз пәтері мен үйіне жаңа су есептегіш құрылғыларын орнатпаған тұрғындар енді көбірек төлейтін болды. Тарифтеу жүйесі күрделі болғанымен, суға бақылау орнату жұмыстары нәтиже бере бастады.

2025 жылдың сәуірінде Досаев 2025 жылдың соңына дейін Алматы тұрғындарының 90%-ы жаңа есептегіш құрылғылармен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол қаладағы нысандары сүру жұмыстарына білек сыбана кірісті. Жеке меншік құрылыстар, коммерциялық нысандар, заңсыз ұзаққа созылған құрылыс объектілері сүрілді. Қалалық әкімдік баспасөз қызметі әр кез есеп беріп отырды. Барлық заңсыз орнатылған нысандар: дүңгіршектер, киоскілер, жылжымалы тамақтану орындары және басқа да нысандар бұзылды.

“Егер меншік иелері реконструкциямен айналыспайтын болса, біз жаңа инвестор іздейміз немесе бұл міндетті қала өз мойнына алуы мүмкін, бірақ бұл қымбат жоба. Жазға дейін Алматы ипподромының болашағына қатысты қандай да бір нақты көрініс қалыптастыруға тырысамыз”, – деп Досаев алматылықтарға ипподромды қайтарып бермек болды. 

Алайда мұнысы болмады.

Досаевтың келесі лауазымы қандай?

23 мамыр күні Алматы әкімі ауысатыны белгілі болды. Досаевтың қандай лауазымға тағайындалатыны туралы түрлі болжамдар айтылып жатыр. Олардың бірі – Қазақстанның премьер-министрі. Алайда экс-әкім бұл сыбысты жоққа шығарды.

Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу