Шымкентте әкім тағайындалды
Маратбек Мықтыбаев Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы телеграмдағы pro кадры kz каналы хабарлады.
Маратбек Мықтыбаев бұған дейін Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған.
Аталған ауданды бұған дейін басқарған Рашид Мыңбаев биыл сәуірде өкілеттік мерзімінің бітуіне байланысты қызметінен босатылған болатын.