Бұрынғы Әділет министрі 9 жылға сотталды
Экс-министрдің мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.
— Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Экс-шенеунікке қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлық жасау, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактісі бойынша тергелді, — деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ агенттіктің ресми өкілі тергеу «құпия» белгісімен жүргізілгендіктен, қылмыстың істің мән-жайы жариялауға жатпайтынын ескертті.
Айта кетсек, бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа биыл наурызда түсті.
Еске салайық, бұрынғы Әділет министрі 2023 жылы қазанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.
ҚазАқпарат.