Түркістан облысында департамент басшысы парамен ұсталды
Түркістан облысында Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы парамен ұсталды.
Антикордың хабарлауынша, жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысын әшкереледі. Ол жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді ресімдеуге жәрдемдескені үшін Түркістан қаласының тұрғынынан 1 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Күдікті соттың санкциясымен 2025 жылдың 28 маусымында қамауға алынды.