Шымкентте театрға бөлінген 136 млн теңге талан-таражға түскен

Oinet.kz 09-07-2025 43

204afce8926b4b1b8ee9ca1b578d6688_1687756503.jpeg

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент жастар театры» МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 млн теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы ҚМА-ның баспасөз қызметі хабарлады.

 Мемлекеттік бюджеттен концерт өткізуге арналған жабдықтарды (соның ішінде колонкалар, сабвуферлер, сахналық ферма, күшейткіштер, микрофондар және т.б.) сатып алуға 320 млн теңге бөлінген.

Алайда сатып алу талаптарын бұза отырып, лоттарды қолдан бөлшектеу арқылы 20-дан астам атау бойынша сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген. Электронды сауда алаңы арқылы жабдықты нақты жеткізбеген жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алып, мүлікті жасыру мақсатында оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынды.

 


«Бұл сөзді айту маған оңай емес»: Руслан Берденовке оқ атқан күдіктінің анасы мәлімдеме жасады
Шымкент әкімдігі жымқырылған 136 млн теңгеге қатысты мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу