«Бұл сөзді айту маған оңай емес»: Руслан Берденовке оқ атқан күдіктінің анасы мәлімдеме жасады

Oinet.kz 07-07-2025 377

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылдан кейін күдікті деп танылған Ернар Жиенбайдың анасы Светлана Сариева мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

Ол ұлының әрекетін жоққа шығармағанымен, оның бүкіл өмірін бір сәттік оқиғамен өлшеуге болмайтынын айтады.

«Мен Ернардың анасымын. Бұл сөзді айту – маған оңай емес. Иә, болған істі жасыра алмаймыз. Бірақ Ернар әрдайым жаны таза, жүрегі кең бала болды. Ол жетімдерге, қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп, үнсіз көмектесіп жүретін. Оның жақсылығы туралы көпшілік біле бермейді», – деді Светлана Сариева.

Анасы ұлының жылдар бойы өзгелерге қамқорлық танытып келгенін айтып, оның адамгершілік қасиеттерін ескеруді сұрады. 

«Бұл видео – сол көмектердің бір көрінісі ғана. Ернардың жүрегін түсініп, оның бұрынғы игі істерін назардан тыс қалдырмауға шақырамын. Мен баламның қайтадан елге адал қызмет ететініне сенемін. Қоғамда әділдікпен қатар мейірім де болса екен», – деді ол.

«Қазақстан азаматтығынан бас тартамын!». Ғ.Жұмашевке сот үкімі шықты.
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу