Перизат Қайраттың арызы бойынша полиция түсінік берді

Oinet.kz 10-07-2025 51

05525adbdfe8e4ea826cfeab41a27c94.jpg 

Астана қаласының Полиция департаменті Перизат Қайраттың «тергеу изоляторы қызметкерлері кесірінен жарақаттанғаны» туралы мәлімдемесі бойынша түсінік берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

 9 маусым күні тергеудегі Перизат Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде есік арасына қысылып, дене жарақатын алғанын мәлімдеген. Арыз бойынша жиналған материалдар Астана қаласы Полиция департаментіне жолданып, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген ресми хабарламада. 

Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камерасындағы жазба зерделеніп, қызметкерлер мен куәгерлерден жауап алынды.

— Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Перизат Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіргені расталмады. Бұған Перизат Қайраттың өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр, — дейді полициядан.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

Бұған дейін елордада Перизат Қайраттың ісіне қатысты алдын ала сот отырысы өткенін хабарлаған едік. Сот ішінара жабық өтетін болды. 

Айта кетсек, биыл 30 маусымда Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді. 

 


Құмар ойынға әуестік – әлеуметтік трагедия
Қазақстандағы беделді университеттен Назарбаевтың есімін алып тастамақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу