«Nazira Gold» ісі сотқа түсті

Oinet.kz 24-07-2025 80

загруженное.jpg

Шымкент қаласының прокуратурасы «Nazira Gold» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша 9 күдіктіге қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Nazira Gold» қызметі сырттай зергерлік бұйымдарды сату бойынша заңды бизнес ретінде көрінгенімен, шын мәнінде бұл классикалық қаржы пирамидасы болған. Табыс жеке тұлғалардан ақша тарту арқылы алынған, алайда тартылған ақша қаражаты кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмаған.
Бір қатысушылардың байытуы басқалардың жарналары есебінен жүргізілген, ал салымшыларға төлемдер алтын сатудан түскен пайда есебінен емес, жаңа қатысушылардың ақша қаражаты есебінен жүзеге асырылған.
Тергеу барысында жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге мүлікке тыйым салынған, оның ішінде 402 млн теңге көлеміндегі ақша қаражаты, 52 бірлік көлік құралдары, жеке үй және беделді тұрғын үй кешендеріндегі 2 пәтер, сондай-ақ табиғи асыл тастармен безендірілген 17 келі жоғары сапалы зергерлік бұйымдар бар.

 


Бектеновтің беделі... Ақорда «Мұрагер операциясын» бастады ма?
Шымкентке уақытша бас дәрігер тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу