Шымкентке уақытша бас дәрігер тағайындалды
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Сәуле Дүйсенбаева тағайындалды. Бұл туралы телеграмдағы PRO кадры KZ каналы хабарлады.
Сәуле Сансызбайқызы Алматы, Астана қалаларында дәрігер қызметін атқарған. 2011 жылдан бастап Шымкенттегі медициналық мекемелерде басшылық лауазымдарда істеген. 2021 жылдан бастап Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының бұған дейінгі басшысы Нұрлыбек Асылбеков жуырда «СК Фармация» ЖШС басқарма басшысы болып тағайындалған.