Ұсталы деген М.Нұртілеу жарыққа шықты

Oinet.kz 05-09-2025 48

_gluster_2025_9_5_f55c53542bae5f005cc87db3c947dd19_1280x720.JPG 

Кешегі күні «Orda.kz» порталы және оның жетекшісі, журналист Г.Бажкенова телеграмдағы каналында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің, кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің және ҰҚК-нің жоғары лауазымды шенділерінің ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Мұны сол кезде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҰҚК, Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарған еді.

Бүгін Сыртқы істер министрлігінің сайты Мұрат Нұртілеудің     «Harvest Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Алмаз Альсеновпен кездесу өткізгені туралы ақпарат жариялады.

Бұл жағдай жоғарыдағы портал мен журналистің таратқан ақпаратының шындыққа жанаспайтындығын білдіреді. Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартыла ма?


Түркістан облысында 86 отбасы мемлекеттен заңсыз жәрдемақы алған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу