Рабаев билікке қайта оралды

Oinet.kz 22-09-2025 71

549045065_2622914088062326_5931469724730953169_n.jpg 

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымына жемқорлыққа қатысты іс бойынша басы дауға қалған Әбілсейіт Рабаев тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұған дейін Рабаев Шымкент қаласының құрылыс басқармасын басқарған.

Әбілсейіт Рабаевтың есімі елге 2013 жылы танылды. Ол кезде Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған шенеунікті қаржы полициясы тұтқындаған.

Тергеу материалдарына сәйкес, бюджетке жөндеуді қажет етпейтін Көксайек — Ақсу — Шаян — Мыңбұлақ тас жолының учаскесі жөндеу қажет нысандар тізіміне заңсыз енгізілген. Нәтижесінде бюджеттен 131 миллион теңге бөлініп, нақты орындалмаған жұмыстар үшін қаражат жұмсалғаны айтылды.

Қылмыстық іс 35 том болып, шамамен 70-тей куәгерден жауап алынған. Рабаев тергеу изоляторында бір жылға жуық уақыт отырған. Алайда 2014 жылдың мамыр айында сот оны кінәсіз деп танып, толық ақтап шыққан.

Сол уақыттан бері Әбілсейіт Рабаев мемлекеттік қызметке қайта оралып, түрлі лауазымдар атқарды. Енді ол Түркістан қаласы әкімінің орынбасары қызметіне кірісті.

 


Израиль әскері Газа қаласына кірді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу