Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасындағы бас бапкер қызметін жалғастырады

Oinet.kz 23-10-2025 54

Футболдан Қазақстан құрамасының уақытша аға бапкер қызметін атқарып жүрген Талғат Байсуфинов — ұлттық құраманың алдағы екі матчына бапкерлік қызметін жалғастырады. Бұл туралы елімізге танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің телеграм каналында хабарлады.

Screenshot_3.jpg

“Қуанышты жаңалық! Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының алдағы екі ойынына бас бапкер болып қала бермек. ҚФФ қабылдаған жылдың ең үздік шешімі осы болды. Белгия мен Фарер аралдарына қарсы екі ойын Ұлттық құрама намыспен ойнайды деген сөз ғой”, — деп жазды Ермұхамед Мәулен.

Айта кетейік, бұған дейін Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасын Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы ойындарда дайындаған еді. Лихтенштейнмен өткен кездесуде команда 4:0 есебімен жеңіске жетсе, Солтүстік Македонияға қарсы матч 1:1 тең есеппен аяқталды. Алдағы 15 қараша күні Қазақстан өз алаңында “Бельгия” құрамасын қабылдаса, 18 қарашада “Фарер аралдарына” қарсы ойын өткізеді.

Алдағы бес жылда 2,5 миллион қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін
Қазақстандықтарды алаяқтардан ешқандай заң қорғай алмайды – Жасанды интеллект және цифрлық даму мини
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу