Әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингі жарияланды - Мбаппе жиырмалыққа да енбеді

Oinet.kz 05-01-2024 358

CIES Football Observatory зерттеу тобының тұжырымынша әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_9.jpg

Бұл тізімде бірінші "Реалдың" 20 жастағы жұлдызы Джуд Беллингем тұр. Оның трансферлік құнын 267,5 миллион еуроға бағалауда, ал Transfermarkt мәліметінше, англиялық ойыншың құны 180 миллион.

Екінші орында "Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд - 251,2 миллион еуро, ал топ-3 тізіміде соңғы Винисиус Жуниор ("Реал", 250,3 миллион еуро).

Бір қызығы ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе рейтингтің топ-20 тізіміне де енбеді. 25 жастағы футболшы 106,2 миллион еуроға бағаланып отыр. Осылайша, ол 27-тұр. Transfermarkt франциялықты 180 миллион еуроға бағалап отыр. 

CIES Football Observatory тұжырымынша ең қымбат 10 футболшы:

1. Джуд Беллингем ("Реал") - 267,5 миллион еуро;

2. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити") - 251,2 миллион еуро;

3. Винисиус Жуниор ("Реал") - 250,3 миллион еуро;

4. Родриго ("Реал") - 247,9 миллион еуро;

5. Букайо Сака ("Арсенал") - 223 миллион еуро;

6. Фил Фоден ("Манчестер Сити") - 195,8 миллион еуро;

7. Гави ("Барселона") - 175,4 миллион еуро;

8. Хулиан Альварес ("Манчестер Сити") - 164,7 миллион еуро;

9. Джамал Мусиала ("Бавария") - 152,4 миллион еуро;

10. Мартин Эдегор ("Арсенал") - 150,6 миллион еуро.

Асханада асылып тұрған жерінен табылған: Арстан Алайға қатысты жаңа дерек айтылды
Жетісу облысында әскерге келгеніне үш ай болған сарбаз қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу