52 көлік, қыруар алтын, миллиондаған ақша: Шымкентте Nazira Gold ісіне нүкте қойылды

Oinet.kz 31-10-2025 69

Шымкентте Nazira Gold қаржы пирамидасын құру және басқару ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

1-16.png

Тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізді. Өзін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға ай сайын салынған қаржының 20-40% көлемінде табыс уәде еткен. Алайда төлем нақты табыстан емес, жаңа салымшылардың есебінен жүзеге асырылып отырған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 4 мыңнан аса азамат тартылған.

Күдіктілер салымшылардан түскен ақшаны қымбат көліктер, жер телімдері мен пәтерлер сатып алуға жұмсаған.

Сот үкімімен 9 адам кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот шешімімен 402 млн теңге көлеміндегі қаражат, 52 көлік, жеке тұрғын үй, элиталық тұрғын үй кешендеріндегі 2 пәтер, 17 келі зергерлік бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұл қаржы пирамидасы биыл наурызда әшкере болды. 

Исаховты арандатты ма?
Қазақстанда кімдер табыс пен мүлік туралы декларация тапсыруы керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу