Марапаттар мен наградаларға миллиард теңге жұмсалған

Oinet.kz 23-01-2026 67

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдаған депутаттық сауалында «атағы жоқ, медаль алмаған кім қалды» деген райда соңғы жылдары атақ пен марапаттың құны түсіп, оны заңсыз әрі негізсіз үлестіру белең алғанын, тіпті аты белгісіз қоғамдық ұйымдардың медаль мен ордендерді  ашық түрде саудалап жатқанын тілге тиек еткен болатын.

image.png

 Бұл мәселе қоғамды қызу пікірталас тудырды. Бұл туралы Оinet.kz тілшісі жазады. Соңғы кездері мемлекеттік марапаттардың да лайықсыз адамдарға беріліп жатқанын айтушылар, «Қоғамдық ұйымдардың емес, мемлекеттің марапатын неге айтпайсың?!» деушілер де аз емес. 

Айтайын дегеніміз өткен жылы марапаттар мен наградаларға миллиард теңге жұмсалғаны жөнінде еді. Ақпарат құралдарында жарияланып жатқан мәліметтерге қарағанда, Президенттің Іс басқармасы былтыр монетарлық сарайға награда жасауға үш рет тапсырыс беріпті. 

Олар: наурызда бірінші тапсырысқа 391,8 миллион теңге төлеген. Сол кезде «Барыс» пен «Құрмет» ордендері, көпбалалы аналарға арналған медальдар мен ілгектер сатып алынған;  Қыркүйекте екінші рет тапсырыс жасап, оған 407,4 миллион теңге төлеген. Тағы да ордендер, медальдер және ілгектер алған;  Қарашадағы тапсырыстың құны 62,4 миллион теңге болған. Бұл жолы екі алтын бүркіт «Алтын Қыран» орденіне тапсырыс берілген. Олардың әрқайсысы 5,7 миллион теңге тұрады. 

Кundelik пен BilimClass: миллиардтар үшін шайқас
БҰҰ-ның беделіне нұқсан келтіреді. Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне не үшін мүше болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу