Кundelik пен BilimClass: миллиардтар үшін шайқас

Oinet.kz 22-01-2026 53

Білім саласы – қып-қызыл шығыны мол,  есесіне табысы да орасан бағыт. Бастысы –  ақша түсірудің жолын таба білу ғой. Бұл іс Тимур Құлыбаевтың қолынан келді деп жазады Оinet.kz тілшісі. 

image.png

Сонау 2016 жылдан бері мектептерде жаппай қолданылып келе жатқан Kundelik  онлайн-платформасы осы миллиардерге қарасты актив болып есептеледі. Бір кездері сұмдық инновация, IT-технологиялардың жарқын үлгісі ретінде дәріптелген платформаның қызметтерін пайдаланғаны үшін әр мектеп қомақты қаржы төлеп отырады.  Онлайн күнделіктер қызметін ұсыну -  бәсекесі жоқ, мемлекет тарапынан жыл сайын миллиардтаған қаржы кепілді түрде аударылып отыратын мықты бизнес. Қазақстанда 4 миллионнан астам мектеп жасындағы оқушы бар. Барлығына да күнделік керек. Біраз уақыттан бері еліміздің білім беру мекемелерінің онлайн платформаға өтіп кетуінің мәнісі осында болса керек. Он жылда  Kundelik платформасы 426 миллион теңге салық төлегенін ескерсек, қаржы айналымы миллиардтаған теңгені құрап отырғанын аңғару қиын емес. 

Міне, енді осы салаға екінші Тимур да көз тікті. Тимур Турлов еліміздің тұңғыш президентінің күйеуі баласын білім нарығынан ығыстыруға көшті.  Соңғы кездері отандық білім саласындағы екі онлайн-платформа - Kundelik пен BilimClass  арасында нағыз шайқастың басталғаны байқалып жүр. Бұл екі жобаны да қазақстандық өнім деп айту әбестік болар. Қос платформаның түбі Ресейге барып тіреледі.  

 Ресейден қашып келген Турлов қазір Қазақстандағы №1 меценат ретінде танылып жүр. Елімізге келіп, тұмсығын тықпаған жері қалмады десек те болады. Қаржы саласы (брокерлік қызметтер, банкинг), сақтандыру,  ІТ (телекоммуникациялар, интернет-провайдер),  e-commerce   (Arbuz.kz, Chocofamily),  туризм (Aviata, Ticketon), медиа (Tatler Asia, Freedom Media), сақтандыру, интернет провайдер, футбол, шахмат және т.б. Барлығы  Freedom  холдингіне қарасты бизнестер. Бұларды қанағат тұтпаған Турловтың бизнес портфеліндегі тағы бір бағыт – білім саласы екен. Мұнда IQanat, Qalam секілді жобаларды шығарды. Онымен  ғана шектелместен  Шұғыл түрде Kundelik платформасының бәсекелесі – BilimClass  жобасы әзірленіп, бірқатар облыстардың мектептеріне енгізіліп те үлгерді. Алматыдағы бақталастық тіптен шарықтау шегіне жетіп, мәселеге сот та араласты. 

Биылғы оқу жылының үшінші тоқсаны басталған сәтте алматылық мектептер кенеттен Kundelik-тен бас тартып, BilimClass платформасына көшіпті. Бұған қалалық білім басқармасы бұйрық берген көрінеді. Kundelik-тің өкілдері платформаның ауысуы 219 мемлекеттік мектептегі 300 мыңнан астам баланы қамтығанын алға тартып отыр. Енді іске сот араласып, «оқу жылының ортасында Kundelik платформасынан кетуге құқыларың жоқ» деген сыңайдағы шешім шығарып үлгеріпті. Бір сөзбен айтқанда,   миллиардер Тимурлар арасындағы текетірестің соңғы нүктесі қойылған жоқ. Турлов Қызықтың көкесі әлі алда секілді.   

"Базарбектен артығы жоқ" - Депутат Бақытжан Базарбек вице-президент лауазымына ұсынылуда
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу