Садыр Жапаров: Кімде-кім елдің тыныштығын бұзса, аяусыз жазасын алады

Oinet.kz 27-02-2026

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ұзақ жылдар саясатта жүрген досы Қамшыбек Ташиевпен арадағы жағдай туралы Қырғыз ұлттық "Кабар" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтып берді, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Агенттік директоры  Мурат Жетимишбаев Президентке екі достың арасында алқашқтық пайда болғанын және  әрмен қарай не болатынын сұрады. Жапаров бұл сұраққа былай жауап қатты: 

"Ештеңе болмайды. Бұл мәселені трагедияға айналдырудың қажеті жоқ. Бұрынғыдан да жақсы болады. Өмір тоқтап қалмайды. Бір досым кетсе, артымда 7 миллионнан астам досым бар. Мен үшін бәрінен де қымбат – халқымыз бен қасиетті мемлекетіміз. Кімде-кім елдің тыныштығын бұзса, аяусыз жазасын алады. Оған ақылымыз да, күшіміз де жетеді. Экономикамыздың өсу қарқыны одан әрі арта береді. Ішкі және сыртқы саясат өз арнасымен жалғаса береді", – деді. 

Айта кетейік, Қамшыбек Ташиев – Қырғызстан саяси аренадағы ықпалды тұлға. Ол бұрын ішкі істер министрлігі, ҰҚК сияқты мемлекеттік органдарда жетекшілік қызметтер атқарған, сондай‑ақ Парламентте депутат болған. Ташиевтің саяси карьерасы көп жылдар бойы елдің қауіпсіздік және құқық қорғау саласына бағытталған маңызды шешімдермен байланысты болған. Ол өзінің беделі жоғары, сондай‑ақ қоғамдық белсенділігі мен сөз бастай білуімен кең танымал саясаткер.

 10 ақпанда Жапаров Ташиевті Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасы – министрлер кабинетінің орынбасары қызметінен босатқан. Бұдан соң елде саяси ауыс‑түйістер жалғасып келеді. Қазіргі уақытта Ташиев Қырғызстаннан шығып кеткен.

Польша билігі Ресейдің өздеріне соғыс ашуы мүмкін екенін мәлімдеді
Қорғаныс министрі бейбіт уақытта сарбаздардың қаза табуы туралы пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу