Президент: «Біз бәсекеге қабілетті болуды үйренуіміз керек»

Oinet.kz 17-09-2019 922

Картинки по запросу Тоқаев СҚО

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысын аралады. Мемлекет басшысы облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы мен индустриялық нысандарында болып, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді, деп хабарлады oinet.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз бәсекеге қабілетті болуды үйреніп, сала немесе аймақ басшысының ауысуына қарай өзгермейтін жайлы коммерциялық және фискальды шарттарды жасауға дайын болуға тиіспіз. Бұл ретте «Қазақинвесттің», жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі мол», - деп жазады Президент Твиттердегі парақшасында.

Картинки по запросу Тоқаев СҚО

Сурет tengrinews.kz сайтынан алынды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеуінше, тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 300 млрд долларлық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Алайда ауыл шаруашылығына бұл инвестициялардың 1 пайызы ғана жұмсалған. Сол үшін Мемлекет басшысы саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру маңызды екенін жазды.

7 ай ішінде қазақстандықтардың шетелге аударған қаражатының сомасы 345,5 млрд теңгені құрады
Дариға Назарбаева XVIII әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу