Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

Oinet.kz 19-09-2019 1013

Screenshot_3.jpg

Қазақстан президентінің жарлығымен Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды деп хабарлдайды Ақорда.

"Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", – делінген мемлекет басшысының жарлығында.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин облыс активіне жаңа әкімді таныстырып, оның жұмысына сәттілік тіледі.

"Қарағанды облысы үлкен, өңірдің әлеуеті едәуір. Сізді қолдап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген барлық тапсырмаларын орындайтыныңызға үміттенеміз", – деді Асқар Мамин.

Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар митингке шықты
Әблязов халыққа митингке қатысқаны үшін ақша төлей ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу