Бақтияр Мәкен: «Әрдайым алаңға шыға беріп, талап қою – заңсыз ғой»

Oinet.kz 24-09-2019 1327

Screenshot_5.jpg

Жақында әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қала тұрғынымен дөрекі сөйлескен видеосы тараған еді. Бүгін шенеунік болған жағдайды журналистерге түсіндіріп берді деп хабарлайды Азаттық рухы сайты. 

«Әрине, ол жерде эмоцияға берілдім. Айтқандарым барлық көпбалалы аналарға қатысты емес, жеке адамға қатысты еді. Барлық көпбалалы аналарға кір келтіретін мақсатым болған жоқ. Мен ер азамат болғаннан кейін ол кісіден кешірім сұрадым», - деді ол.

Әкім орынбасары кез-келген адам кей жағдайларда эмоциясын ұстай алмай қалатынын алға тартады. Дегенмен бұл әрекеті мемлекеттік қызметшілердің этикасына жат екенін мойындайды.

«Шыдамдылық танытып, мүмкіндігімше ол кісіні тыңдадым. Мемлекеттік қызметтің этикасы тұрғысынан қарағанда, менің тарапымнан да кемшіліктер болды. Дегенмен әрдайым алаңға шыға беріп, талап қою – заңсыз ғой.  Күнделікті саған эмоциямен неше түрлі сөздер айтқанда, шыдамның да шегі таусылады деп ойлаймын», - деп қуаттады ол сөзін.

Бақтияр Мәкеннің сөзіне сенсек, әйел адам оның анасының атына тіл тігізген. Оған бөтелкеден бөлек стақан да лақтырып, қолын кесіп кеткен жағдай да болған. Бірақ ол сәттер бейнеге жазылмай қалыпты. Әкім орынбасары алдағы уақытта қандай жағдай болмасын эмоциямды ұстауға тырысамын деп уәде берді.

Видео мына сілтемеде

58 жастағы көкшетаулық азамат шахматтан Азия чемпионы атанды
Ғабидолла Әбдірахымовтың елді «таңқалдыруының» ақыры немен аяқталады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу