ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Oinet.kz 30-09-2019 1035

image.png

 Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев өзінің Facebook желісінде министрліктің баспасөз қызметіне жаңа хатшы тағайындалғанын жариялап, сәттілік тіледі, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі.

«Қапешов Нұрбол Қабдылұлы 1980 жылы туған, жоғары білімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Бұл салада тәжірибесі жетерлік. 31 арнадан бастап «ИнтерньюсНетуор» өкілдігінде, Азаттық радиосында, Астана телеарнасында, Қазақстан ұлттық арнасында журналист, редактор қызметтерін атқарған. Елдегі, шетелдегі бар, байқағандарыңыздай жан-жақты қызмет істеген жігіт. Ақпараттың қазанында қайнап, эфирдің ар жағында талай сауатты сараптамалық бағдарламалардың жүгін арқалапты. Енді тыңнан түрен салып, баспасөз қызметінде бабын сынайды», - деп жазып, әріптесіне сәттілік тіледі Ерлан Жұрынбаев.

«100 жаңа есім» не үшін керек?
Нан бағасы өсе ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу