Назарбаев әлеуметтік желіде

Oinet.kz 02-10-2019 919

Screenshot_12.jpg

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай қазақстандықтарға Елбасы өмірбаянынан тың деректер ұсынылатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Oinet.kz

"Қазақстанның тұңғыш президенті жайлы барлығы белгілі сияқты: қайда туды, қайда оқыды және кім болып жұмыс істеді. Дегенмен, Елбасы туралы көп адам біле бермейтін фактілер де бар. Біз Instagram желісінде Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінен деректерге арналған Instagram Stories айдарын қолға алдық", -деді Үкібай өз парақшасында.

Алғашқы жазба шығып қойды. Онда Елбасы парақшасының оқырмандарына "Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші баянын сатып алу үшін жаз бойы көршілердің құрылысында еңбек еткені рас па?" деген сұрақ қойылды.

Жауап кейінірек жарияланады.

Болжам: Қуатжан Жұматаев қызметінен өз еркімен босату жөнінде арыз жазды
Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президентімен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу