Магистрлік білімі бар ұстаздардың айлығына 25 мың теңге қосылады

Oinet.kz 04-10-2019 1770

Похожее изображение

Қазақстанда магистрлік білімі бар ұстаздар тым аз. Келесі жылы олардың айлығына 10 АЕК көлемінде қосымша ақша қосылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари ұстаздар күніне арналған «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: мұғалімнің әлеуметтік рөлін арттыру аспекті» тақырыбында өткен дөңгелек үстелінде айтты, деп хабаралайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтем жасап.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 500 мыңға тарта мұғалім мен педагог бар. Елімізде бүгінгі таңда мұғалімге шынында да, өте жауапты миссия жүктеліп отыр. Балаларға терең білім беріп қана қоймай, баланың бойында азаматтық мінез қалыптастыру – міне, ұстаздар осындай жауапты парызды арқалаған. Сөзсіз, мемлекет осы мамандықтың мәртебесі мен абыройын арттыру үшін қаншама шара қабылдап жатыр. 2016 жылдан бері бізде үстемақы жолға қойылды. Біліктілігін арттырған ұстаздарға да ақшалай қолдау бар», - деді Рүстем Биғари 

Вице-министрдің айтуынша, мұғалімдерді жігерлендіру үшін елімізде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы беріледі.

«Келесі жылдан бастап магистрлік білімі бар ұстаздарға 10 АЕК көлемінде қосымша ақы қосатын жаңа норма күшіне енеді. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта магистрлердің саны тым аз (мектепте еңбек ететін) – бар-жоғы 5 мың ғана. Менің ойымша, мұғалімдер мектепте шеберлігімен бірге біліктілік деңгейін де арттырып, ғылым саласында еңбек етуі керек», - деді ол.

Үздік ұстаздарға 2 миллион 525 мың теңге табысталады
Президент ауыс-түйіс жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу