«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға өзгеріс енгізмек

Oinet.kz 07-10-2019 1051

Картинки по запросу атаулы әлеуметтік көмек

Көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақыны ала отырып, тұрмысы төмен отбасы мәртебесінде қала беретін болса, бұл отбасыға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларына кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын көмек тағайындалады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін көпбалалы аналарға табысына қарамастан жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленетіні хабарланған еді. Қазақстанда төрт және одан көп баласы бар аналар көпбалалы саналады. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға кепілді әлеуметтік пакет енгізуді және кеңейтуді ұсынып отыр

"Осылайша атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы тетігі түзетілетін болады", - деп түсіндірді министр Біржан Нұрымбетов.

Министрлік атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын қазан айының соңына дейін парламентке енгізуді көздеп отыр.

Егер заң қабылданса, жаңа өзгерістер келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енеді.

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" заңда табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтаманы енгізу мен кеңейту ұсынылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Ал оқушы балаларға мемлекет есебінен мектепте тегін ыстық тамақ, тегін жол жүру, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдарын беру көзделген.

Мәдениет министрі: «Д.Назарбаева – бізге өмірде ақылдылығымен қатты әсер ететін тұлғалардың бірі»
Қазақстанда енді жәрдемақы табысына қарамастан төленеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу