Толық емес жұмыс уақыты негізінде жұмыс істей аламын ба?

Oinet.kz 08-11-2019 889

Жұмыс уақыты.jpg

Сұрақ: Мен Түркістан қаласында колледжде жұмыс жасаймын жүкітілігіме және 5 жасар баламның болуына байланысты толық емес жұмыс уақыты негізінде жұмыс істей аламын ба ?

Жауап: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 70-бабының 3 тармағына сәйкес, жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы(балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілейді. Яғни сіз толық емес жұмыс уақыты негінде жұмыс жасай аласыз.

Жалақы сақталмайтын демалыс қанша мерзімге беріледі?
Оқуда жүрген күндерге жалақысы сақталып, төлене ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу