Оқуда жүрген күндерге жалақысы сақталып, төлене ме?

Сұрақ: Балабақшадағы тәрбиеші 15 күнге оқуға жіберілді. Оқуда жүрген күндеріне жалақысы сақталып, төлене ме?
Жауап: Жұмыскер оқуға жұмыс берушінің мүддесіне сәйкес жіберілсе, онда мекемеде оқу іссапары туралы бұйрық шығарылады.
Ал, ҚР Еңбек кодексінің 127 бабының 1 тармағында іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны мен іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады делінген.

 
 
 
